Вконтакте әлеуметтік желісінде Әлихан Өмірзақов есімді қолданушы қаруларымен түскен сурет пен бірнеше түсініксіз жазба жариялады. Бұл туралы qumash телеграм каналы жазды.
Ол бірнеше жазба жариялаған. Бірінде "ертең 28 маусым күні Нұр-Сұлтанда сағат 18:50-де кеш көңілді болады" десе, келесі жазбада "ертең 28.06.2021 18:50-де мен триатлон саябағының кіреберісінде боламын. Менімен бірге болғысы келетіндер келсін" деп whatsapp номер делінген бір нөмерді қалдырады. Жазбалардағы суреттерден тапанша, автомат секілді суық қару асынып тұрғанын круге болады. Әзірге қарудың шын я ойыншық екені, желі қолданушысы бұл жазбасы арқылы не айтқысы келгені, бұл шынайы парақша ма, әлде фейк пе, ол жағы әзірге белгісіз.
Қазіргі уақытта қолданушы парақшасы өшірілген.
Бұған дейін 11 мамыр күні Татарстан астанасы Қазандағы мектептердің біріне 19 жастағы жасөспірім Ильназ Галявиев қарумен шабуыл жасап, мектеп кіреберісінде қолдан жасалған жарылғыш затты іске қосқан. Соның салдарынан екі мұғалім, жеті оқушы қаза тауып, 21 адам жарақат алды.
Галявиев атыс болатын бір күн бұрын желіде "Бүгін мен биомусордың үлкен мөлшерін өлтіремін" деп жазба жариялаған болатын.
Оставить комментарий