Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Штрихи к портрету. Лидер" атты жаңа деректі фильмнің трейлері шықты. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
"1 шілде сағат 21:30-да "Хабар" телеарнасында "Штрихи к портрету. Лидер" атты фильмнің көрсетілімі өтеді. Бұл елбасы баспасөз қызметі мен журналист Айгүл Әділованың Қазақстан тұңғыш президентінің өмірі мен қызметіне арналған деректі жобаның жалғасы" делінген жазбада.
Оставить комментарий