Алматы маңында әйел анасын өлтіріп, мәйітін үйдің жертөлесіне жасырған

/image/2021/07/01/crop-11_4_290x387_025.jpg

Алматы облысында 57 жастағы әйел туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Polisia.kz  сайты хабарлады.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Іле ауданында болған. 77 жастағы әйелдің жолдасы хабарласып, жарының мүрдесі уақытша салынған үй жертөлесінен табылғанын жеткізген.

Жауап алу кезінде күдікті анасын өлтіргенін мойындап, оның денесін жасырған жерді көрсетті. Белгілі болғандай, ішімдікке масайған әйел анасымен жанжалдасып, оған пышақпен тап берген. Ол анасын өлтіргеннен кейін мәйітті үйдің жертөлесіне жасырған.

Аталған іс қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) фактісі бойынша тіркелді. Тергеу кезеңінде күдікті қамауға алынды, оған 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Оставить комментарий

Связанные Статьи