Заман өзгерсе де, биліктің табиғаты өзгермейді екен

/uploads/thumbnail/20170708194437430_small.jpg

Пастернактың "Доктор Живагосы" Нобель сыйлығын иеленді... Меньшиковтың "Москва слезам не верит" фильмы "Оскар" алды... Нәтижесінде екі талант иесі де КГБ тарапынан саяси қуғын-сүргінге ұшырады...
Не деген бейшара жүйе еді... Талант тағдырымен ойнады... Адам қорлаудың апогейіне жетті... Қолдан бейшара етті... Зиялы қауым өкілдерін үрейде ұстады... Батыс мойындаған тұлғалардың бәрін ышпион көрді...
Ельциннен кейін Ресейдің зиялы қауымы қайта қуғынға ұшырай бастады... Сол КГБ-ның сарқыншағы баяғы шовинистік тәсілді қайта қолдануда... 
Бізде де соның ізі жоқ емес... Ақиқатты айтар ауызды алдымен майлағысы келеді. Оған көнбесе, қудалайды, бірдеңесін саудалайды, одан қалды қолдан аштан қатырады. Қайдам... Бәрін бірдей жапса, түрмеде орын жетпес...Ашынғандар- жұмыссыз, тұрмысы төмендер еді, бүгінде олардың қатарына эконом класс та қосылды...
Ұққаным, заман өзгерсе де, биліктің табиғаты өзгермейді екен..

Дина Түлекованың Facebook парақшасынан алынды

Связанные Статьи