Хандарымыздың ұрпақтарын іздейік

/uploads/thumbnail/20170708194435290_small.jpg

Біз осы Қазақ хандығының 550 жылдығын дүркіретіп тойлағалы жүрміз. Бірақ, сол хандығымыздың болғанын дәлелдейтін олардың ұрпақтарымен шаруамыз жоқ. Егер шынымен де Қазақ хандығы болғанын әлем жұртына танытқымыз келсе, онда сол хандарымыздың ұрпақтарын іздестіруіміз керек! Кезінде орыстарға еріп олардың тұқымдарын қырып тастадық, тірі қалғандарын елден қуып шықтық. Енді сол қатемізді түзетуіміз қажет. Төре руын Қазақ емес деген « қыртпа» сөздерді доғаруымыз керек. Шыңғысханың түркі тайпасынан екені белгілі болды, тіпті толығымен нағыз Қазақ деуге де дәлеліміз бар. Қазақ хандығын құрған Керей мен соңғы ханымыз Кенесары да Шыңғысхан ұрпағы екенін бәріміз де білеміз. Соны біле тұра, неге Төрелерді Қазақтан шеттетеміз. Ханын сыйламаған ұлттың не болатынын басымыздан өткердік. Орыстың құлына айналдық. Енді біз хан тұқымдарын сыйлауымыз керек, Сонда ғана дүниенің жартысынан көбін билеген Шыңғысхан ұрпағы екенімізді, әлем жұртшылығы мойындайтын болады. Егер осыны жасамасақ, барлығы бәлду-бәлду, бәлду бәрі өтірік, өз арамыздағы бос мақтаншылық әңгіме болып қала береді.

Қайрат Құдайбергенұлы, Facebook парақшасынан алынды

Связанные Статьи