Әлеуметтік желіде бетон плиталары орнынан жылжып, көтерілген видео тарап жатыр. Оқиға Алматы-Қорғас бетон тас жолының учаскесінде болғаны хабарланды. Видео kris_p_kz парақшасында жариялады.
– ҚазАвтоЖол назарына! Шелек жақтан келе жатқанда Моловодноеге жетпей бетондар қайта көтеріліп жатыр. Абай болыңдар жігіттер. Біраз көліктерге зақым келген, – деді кадр сыртындағы адам.
ҚазАвтоЖол мәліметінше 2021 жылғы 2 шілдеде Алматы-Қорғас Бәйдібек Би кенті маңында ақылы учаскенің 86-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуінен бетон плиталар ығысып, жүріс бөлігінің жабыны көтеріліп кеткен.
– "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері әкімшілік полициямен бірлесіп жедел түрде ескерту жол белгілерін орнатты, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде полицияның патрульдік көлігі қойылды. "ҚазАвтоЖол" уақытша қолайсыздықтар туындағаны үшін кешірім сұрайды және жол пайдаланушыларына уақтылы хабардар еткені үшін алғыс білдіреді, – деді компания өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оставить комментарий