Қарағандының үш ауылында төтенше жағдай жарияланды

/image/2021/07/05/crop-0_11_876x1168_5316c17a-d7f1-4a3a-9013-9315bcac5bdf.jpeg

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Жангелді, Ақтас, Амангелді ауылдық округтерінде дала өрттеріне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты хабарлады.

"Өрт далаға тарауда. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ. Жағдай Қарағанды облысы ТЖД тұрақты бақылауында.

Өртті жою бойынша операцияны басқару ТЖ болып жатқан ауданға келіп жеткен облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаровқа тапсырылды. Малы қырылған немесе жайылымдары өртеніп кеткен фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылды" делінген хабарламада.

Өрт сөндіруге 216 адам және 28 бірлік техника тартылған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи