Жамбыл облысының Бас санитар дәрігері Б. Шиналиев карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы жариялады.
Қаулыға сәйкес:
- Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
- 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және үй-жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию талаптары сақтаулы тиіс;
- Жамбыл облысының аумағында "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметі шектеледі;
- Әрбір рейс алдында қоғамдық көліктің, әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың, қоғамдық көлік аялдамаларының т. б. нысандарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуі тиіс;
- сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салалары (сұлулық салондары, ателье және басқалар) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істейді.
Қаулы 7 шілде сағат 00:00-де күшіне енеді.
Оставить комментарий