Түркістан облысының Бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов өңірдегі карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы жариялады.
Құжатқа сәйкес:
- Бұқаралық, отбасылық және көпшілік жиналатын орындар мен үй аумағында өткізілетін іс-шараларға тыйым салынады;
- Қоғамдық орындарға және қызметіне рұқсат етілген нысандарға барғанда маска тағу, әлеуметтік арақашықтық сақтау және антисептик пайдалану талап етіледі;
- Ойын-сауық нысандары, түнгі ойын клубтары, караоке, букмекерлік кеңселер, жабық ғимараттағы балалар алаңдары, батут пен аттракциондар қызметіне тыйым салынады;
- "Ashyq" жобасына қатыспаған нысандар: мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, облысаралық тұрақты емес тасымалдар (туристік), бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг, цирк, банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;
- 65 жастан асқан адамдардың аудан, калаларда қажеттілік туындамаған жағдайда жүруі шектеледі;
- қалалық және қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.
Оставить комментарий