Қазгидромет: Елдің бірнеше өңірінде жаңбыр жауады

/image/2021/07/07/crop-8_28_381x678_1564049778_25pogoda2.jpg

Қазгидромет 8-10 шілде күндері Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында жаңбыр жауатынын хабарлады.

"Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, 8-10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамти отырып, солтүстік-шығыс бағытқа ығысатын болады. Осыған байланысты, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады, олар найзағай, бұршақ, екпінді желмен бірге жүреді.

Батыста ауа температурасы түнде +13+23℃ дейін, күндіз +23 +32℃ дейін болады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде +10+21℃, күндіз термометр +20+28℃ температураға жетеді. Елдің орталығында және шығысында түнде +13+23℃, күндіз +25+37, ал Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнгі температура +18+25°С, күндіз +30+42°С болады" делінген мекеме таратқан ақпараттық хабарламада.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи