Белгілі кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлық иегері Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов қайтыс болды. Қаралы хабарды режиссер Ермек Тұрсынов жеткізді.
Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы Түркістан ауданы Ащысай ауылында туған.
1069 жылы Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) аяқтаған.
1969 жылдан “Қазақфильм” студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті.
1970 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері болды.
2005 жылдан бері Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Дебют" бірлестігіне жетекшілік етті.
“Құрманғазы” атты деректі фильмінне (1972 жылы), “Зауал” (1981 жылы) фильміне, “Күзгі бұралаң жол” (1984 жылы) қысқа метражды фильміне, “Ұрын келген күйеу” (1987 жылы)“, Созақтан шыққан Гамлет” (1990 жылы), “Көзімнің қарасы”, “Жас аккордеоншының өмірбаяны” (1994 жылы), " Аманат секілді көптеген фильмдердің режиссері болған.
Анапа қаласында өткен 3-Бүкілресейлік “Кино-Шок” кинофестивалінің жүлдесі, Халықаралық кинофестивалі жюриінің дипломы, Француз кино өнері академиясының сыйлығы секілді жүлделерге ие болған.
“Тентек” "Ассалаумағалейкум, Атлантида!” секілді кітаптары жарық көрген.
Оставить комментарий