Нұр-Сұлтанда жол апатынан полицей қайтыс болды

/image/2021/07/08/crop-156_10_697x929_fd9d5ed0d5631cecd3363889a797ffaf.jpg

Нұр-Сұлтан маңында жол апаты болып, полиция қызметкері көз жұмды.э, деп хабарлады елорданың полиция департаменті.

Қайғылы оқиға 5 шілде шамамен сағат 00:24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кентінің ауданында болған.

"30 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан Lexus GS 300 көлігі аударылған. Жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Ал 35 жастағы жолаушы полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды" делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті марқұмның Сарыарқа ауданы қылмыстық полиция бөлімінің қылмыстық іздеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істегенін мәлімдеді. 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи