Офлайн оқуға оралу барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалуы тиіс. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырсында кеңес төрағасы, парламент мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті, деп жазады партияның баспасөз қызметі.
Мәжіліс барысында бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов хабарлағандай, педагогтар мен қызметкерлер 100% вакциналанғанда ғана мектептер дәстүрлі оқыту форматына көше алады.
– Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды. Жоғары оқу орындарына келсек, 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуы тиіс, – деді Ерлан Қиясов.
Кеңес мүшесі, "Республикалық физика-математика мектебі" КЕАҚ басқарма төрағасы Ғабит Бекахметов оқушыларды бастауыш, орта және жоғары мектеп блоктарына бөлуді ұсынды. Коронавирус анықталған жағдайда, карантинге бүкіл мектеп емес, нақты блок жабылады.
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 қыркүйектен бастап елде 7 475 мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Қазақстанда "Дельта штаммының" таралуы салдарынан соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда республика бойынша барлық өңірлерде ауруға шалдығу деңгейі 1,9 есе өскен. "Дельта" штаммының жұқпалылығы жоғары және анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы, орта есеппен 1 адамнан 5-6 адамға жұғады.
Соңғы дерек бойынша елде бір тәулікте 2909 адамнан коронавирус, 140 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталған. Бір тәулікте 32 адам коронавирустан, 5 адам пневмониядан қайтыс болған.
Оставить комментарий