Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет екінші жартыжылдықта экономиканың өсу қарқынын үдету керектігін айтты.
- Басты мақсат - экономиканы үдету және халықтың әл-ауқатын арттыру. Індетке және шектеу іс-шараларына қарамастан ел экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2 пайызға өсті. Бұл қуантарлық жайт. Былтыр пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6 пайызға төмендеді. Біз оны тезірек қалпына келтіруіміз керек, - деді ол.
Тоқаевтың айтуынша, дағдарысқа қарсы іс-шаралардың және карантиндік шектеулердің төмендеуіне байланысты іскерлік белсенділік қалпына келген.
Оставить комментарий