“Нақты қадамдар жасау қажет”. Президент вакцинацияға қатысты тапсырма берді

/image/2021/07/10/crop-267_9_691x921_f8fc3b79-779f-4ef8-a5a8-d37f5af93065.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір жекелеген салалар міндетті түрде вакцина салдыру қажеттігін айтты. 

– Ашығын айту керек, қазіргі вакцинауиялау жұмысының қарқыны әлі де мардымсыз, нақты қадамдар жасау қажет. Түптеп келгенде азаматтарымыз өзінің және жақын туыстарының денсаулығын ойлап, саналы түрде шешім қабылдауы қажет. Антиваксерлердің қауесет, даңғаза әңгімелеріне сенудің қажеті жоқ. Сондықтан біз екпе салу науқанын жалғастырамыз. Ал кейбір жекелеген салаларда міндетті түрде вакцина салдыру қажет болады, – деді Тоқаев.  

Сондай-ақ мемлекет басшысы міндетті екпе салу кезінде асыра сілтеу болмауы тиіс екенін айтты.

– Бұл – әркімнің өз отандастары алдындағы міндеті, парызы. Мынандай екі мәселеге тоқталғым келеді. Біріншіден, міндетті екпе салу кезінде асыра сілтеу болмауға тиіс. Медицинақ себептерге және белгілі бір жағдайларға байланысты екпе салдырмайтын адамдар бар. Мемлекеттік органдар, әсіресе, мониторинг жүргізу топтары осы мәселені ескеруі керек, – деді ол.

Оставить комментарий

Связанные Статьи