Алдағы күнде қай өңірде күн салқындайтыны белгілі болды

/image/2021/07/12/crop-55_7_290x387_77854125436.jpg

Қазақстанда 13-15 шілде аралығында ауа райы құбылмалы болады. Өңірлерде күн күркіреп, жауын жауып, күн салқындайды, деп хабарлады Қазгидромет.

Мекеме таратқан ақпаратқа сай, аталған күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел тұрады.

Батыста ауа температурасы түнде +12...+22℃, күндіз +25...+35℃ болады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7...+20℃, күндіз +12...+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8...+20℃, күндіз +15...+28℃ болады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде температура +12...+23°С, күндіз +25...+32°С көрсетіп тұр. 

Қазгидромет республиканың мегаполистеріне арнап төмендегідей ауа райы болжамын ұсынады:

Алматыда 13 шілдеде күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +32℃, түнде +19℃.

14 шілдеде көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз + 30℃ жылы, түнде + 18℃. Желдің жылдамдығы секундына 13 метрге жетеді. Ал 15 шілде күні күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз +30℃ жылы болады, кешке ауа температурасы +18 градусты көрсетеді.

Нұр-Сұлтанда 13 шілдеде көшпелі бұлт шығады, ауа температурасы күндіз +17℃, түнде +11℃. Желдің жылдамдығы 13 м/с-ке жетеді. Ал 14 шілдеде күн бұлтты болады, күндіз +13℃, түнде +10℃ жылы болады. 15 шілдеде күн бұлтты болып, аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы +18℃, түнде +10℃. Желдің жылдамдығы – 16м/с.

Шымкент қаласында 13 шілдеде күн алабұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +32℃, түнде +22℃. 14 шілдеде күн ашық, ауа температурасы күндіз + 31℃, түнде + 20℃. 15 шілдеде күн ашық болады, ауа температурасы күндіз +32℃, түнде +15℃-ты көрсетеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи