"Құрметтің аяғы сынып, ауруханаға түскен...". Құрмет Талапқазының досы жазба жариялады

/image/2021/07/14/crop-13_10_779x1067_195954097900.jpg

Мал қырылып жатқан өңірлерге шөп жеткізіп, көмектесуге үндеп танымал болған Құрмет Талапқазының досы делінген Сүндет Мұрабекұлы Сейітов деген Facebook желісінің қолданушысы Құрметтің өзіне көмек керек екені туралы жазды.

"ҚҰРМЕТКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ КЕРЕК Бұл жігіт – менің досым. Бірнеше жылдан бері жақсы араласамыз. Өзімде талай қонақ болды. Бірақ, содан бір жылдай уақыт көріспей кеттік. Енді міне, менің өзім оны интернеттен көріп, таңданып отырмын. Қайбір жылы Құрмет аяғы сынып, ауруханаға түсіп қалған болатын. Содан Ардақ Орынбек досым екеуміз шұғыл түн ортасы Рощаға барып, оның жайын білдік. Бұл – бізден бір естелік. Ол Қытайдан атамекеніне келіп, осы Шым қаланы паналады. Дайындық курсында оқып, М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың студенті атанды. Кейіннен орыс тілін білмегені үшін һәм отбасылық жағдайдың салдарынан оқудан шығып кеткенін естідім. Бүгін бұл жайлы айтудың сәті түсіп отыр. Құрметке құрмет көрсетуіміз керек. Алдымен өз мамандығының иесі екенін дәлелдейтін куәлігін (диплом) әперіп, сосын оған Шымкентте тұруға жағдай жасауымыз керек. ОҚУ-дың ректоры Дария Кожамжарова апайымыз шәкіртінің оқу жағдайын қалыпқа келтіреріне сенімдімін. Апайым бұған бейжай қара алмайтынына еш күмәнім жоқ. Құрметке құрмет көрсетуіміз керек!" деп жазды Сүндет Сейітов.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи