Қызылорда облысында төтенше жағдай жарияланды

/image/2021/07/15/crop-22_13_665x887_scale_1200.jpg

Қызылорда облысы Арал ауданында ел тарихында алғаш рет қуаңшылыққа байланысты  төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, биыл өңірде жауын жаумай, өзен-көлдерде су азайып, жайылымға шөп шықпай 600-ге жуық ірі қара арам өлген.  Мамандардың есебінше, ауданға 205 мың тонна мал азығы керек. Ол жақын облыстардан және аудандардан жеткізіледі. Жергілікті билік жанар-жағармай шығынын көтереді.

Сонымен қатар, ұңғымалар қайта қалпына келтіріліп, су арналары тазартылады. Бұл мақсатқа мемлекеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

– Аудан бойынша қажетті шөптің көлемінің 84640 тоннасы қазір жеткізіліп, аудан өз мүмкіншіліктерін қарастырып, қазір 3645 тоннасын қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар. Алдағы уақытта 146 мың тонна шөпті сырттан тасымалдау қажет. Қажетті қаржының барлығы 1 млрд 936 млн-ды құрап тұр, – деді Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи