Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы жариялады. Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған қызметкерлердің жұмысқа келуіне шектеу енгізіледі.
Бас санитар дәрігер Қазақстандағы міндетті вакцинацияның жаңа мерзімін атады.
Құжатта 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде профилактикалық вакцинацияның бірінші компонентін, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентін салуды ұйымдастыру қажеттігі айтылады. Бұл талап тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған жұмысшыларға қатысты емес.
Шектеу төмендегі ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі:
- халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар;
-
сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары;
-
фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер;
-
тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис;
-
нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер;
-
халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
-
жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдарын, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
- қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілер, стрит-фудтар;
- демалыс объектілері, ойын-сауық ойын объектілері (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
Қаулы 15 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Оставить комментарий