Білім министрлігі педагогтарға қатысты мәлімдеме жасады

/image/2021/07/15/crop-18_3_507x676_crop-160_8_524x698_8821355.jpg
Мектеп мұғалімдері тегін цифрлық курстардан өтеді. Онлайн-сабақтар 2 тамызда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады. Оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.
 
– Пандемия жағдайында мұғалімдердің рөлі, қоғамдағы орны мен еңбегі одан әрі айқындала түсті. Цифрландыру заманында мұғалімдердің ІТ құзіреттіліктерін арттыру қажет. Курс педагогтердің цифрлық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Курс бағдарламасы Еуропалық білім қорымен бірлесіп әзірленді,– деді білім және ғылым министрлігі "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы Әсел Мұхаметжанова.
 
Оның айтуынша, мұғалімдер Финляндия мен Оңтүстік Кореяның білім беру процесіне инновациялық технологияларды интеграциялау тәжірибесімен танысады. Сондай-ақ педагогтер ActivStudio, Pictochart, Jamboard, Prezi, Flippity сандық бағдарламаларын кәсіби түрде меңгеріп, ұлттық білім беру дерекқорының ресурстарын пайдалануды үйренеді. 
Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи