"Көптеген сұраныстардың түсуіне байланысты демалыс күндері қалалық қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс жасайтындығын хабарлаймыз" делінген басқарма төрағасында.
Бұған дейін "қызыл аймақтағы" өңірлерде карантин шектеулерін күшейту туралы шешім қабылданған.
Оған сай:
- "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары, жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатылады.
Демалыс және мереке күндері:
- қоғамдық көліктің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың қызметіне ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Жұмыс күндері қызметтері шектеледі:
- "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің қызметі 20-00 сағатқа дейін;
- ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;
- "Ashyq" жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін; - "Ashyq" жүйесіне қатыспайтындар сағат 18-00-ге дейін.
16 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.
Оставить комментарий