Қазгидромет 22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Оңтүстік және солтүстік облыстардан бөлек аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай ойнайды, екпінді жел тұрып, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Солтүстікте және орталықта күндіз ауа температурасы 30-38°C жылы, оңтүстікте 37-44°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42°C-қа дейін көтеріледі" делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Тек елдің батысында 33-41°C жылудан 25-33°C жылуға дейін біртіндеп төмендеу байқалады.
Оставить комментарий