"Локдаун енгізу арқылы жеңе алмаймыз". Көлгінов елордалықтарға үндеу жолдады

/image/2021/07/21/crop-182_10_614x818_3fdcafca4671b2bc.jpeg

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Коронавирус індетін локдаун, шектеу шараларын енгізу арқылы жеңе алмаймыз. Бұл шаралар COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткішін уақытша төмендетуге ғана мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде науқастарды аман алып қалуға септігін тигізеді, – деді  әкім.

Көлгінов коронавирус инфекциясымен күресте төмендегідей шаралар қабылданып жатқанын айтты.

  • Мобильді бригадалар санын арттыру. Қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың үйіне баратын 186 бригада бар. Олар науқастардың денсаулығын тексеріп, ПТР алады, сондай-ақ қарым-қатынаста болған азаматтарды тексереді. Бригадалар санын тағы 100 бірлікке көбейтуді тапсырдым. Енді 300-ге жуық мобильді бригада қызмет ететін болады.
  • Медицина мекемелерін барынша жабдықтау. Медицина мекемелерін қажетті аппараттармен жабдықтауды биыл да жалғастырамыз. Мәселен, қосымша жылжымалы рентген аппараттары, пациент мониторлары, перфузорлар және т.б. жеткізілді.
  • Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры болуы тиіс.
  • Вакцинация қарқынын арттыру. Медицина мекемелерінің бәрінде, сол сияқты ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде вакцинациялау пункті ашылды. Сонымен қатар, еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырылды. Қазір 318 мыңнан астам адам вакцина алды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи