Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Қазақстанда балаларды вакцинациялау қай уақытқа жоспарланып отыр" деген сұраққа жауап берді.
– Біздің балаларымыз вакцинацияға мүмкіндік алуы керек. Әзірге нақты мерзімдерді атай алмаймыз. Бірақ қазірдің өзінде көптеген ата-аналар өтініш білдіріп, балаларын вакцинациялауды сұрап жатыр. Өкінішке орай әзірге Қазақстанда мұндай вакцина жоқ. Мүмкіндік пайда болғаннан кейін біз мұны қамтамасыз етеміз, – деді Цой орталық коммуникациялар министрлігіндегі брифингте.
Бұған дейін министр дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдауынан өткен Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын 12-18 жас аралығындағы балаларға салу жоспарланып отырғанын мәлім еткен. Статистикаға сай, Қазақстанда осы жас мөлшеріне сәйкес келетін екі миллионнан астам бала бар.
Цой балаларға вакцина салу ата-аналардың келісімімен жүзеге асатынын, вакцина артылып жатса, үлкендерге де салынатынын айтты.
Оставить комментарий