Дзюдошы Жансай Смағұлов канадалық спортшыдан жеңіліп қалды

/image/2021/07/26/crop-145_78_1126x1502_8.jpg

Токиодағы олимпиада ойындарында дзюдодан 73 келіде сынға түскен Қазақстан командасының мүшесі Жансай Смағұлов келесі айналымға өтпеді, деп хабарлады Olympic.kz. сайты. 

Смағұлов үшінші айналымда канадалық Артур Маргелидонмен кездесті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды. Нәтижесінде "ваззари" ұпайын алған канадалық спортшы келесі айналымға өтті.

Әзірге дзюдодан Қазақстан командасының еншісінде Елдос Сметов еншілеген қола медаль бар. Кеше Ерлан Серікжанов (66 келі), бүгін Жансай Смағұлов (73 келі) жарысты сәтсіз аятады. 



Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи