Жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың жанұяларына осы аптада 1,5 миллион теңгеден өтемақы төленеді.Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды
" ҚР заңы бойынша әскери қызметшілердің жанұяларына бір реттік өтемақы берілуі тиіс. Сонымен қатар ол ол екі айдың ішінде төленуі керек. Бірақ Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша, төлем осы аптада берілетін боып шешілді. Сонымен қоса, материалдық жәрдем ретінде отбасылар миллион теңгеден алды.Азық-түлік қабы да берілді", - дейді. Жанар Колбачаева.
Сонымен қатар хабарламада " Қаза болғандардың денелеріне мемлекеттік ту жабылып, әскери оркестр қаралы маршты орындады. Қарауылдар сапқа тұрып, үш мәрте аспанға оқ атылды", -деп жазылған.