Венгрия парламенті үкіметтің босқындарға қарсы қару қолдануына рұқсат беретін заңды мақұлдады. Бұл туралы «Қамшы» порталы деп BBC News- ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Шекара тәртібін бұзған босқынды мажарлық әскерилер резіңке оқпен немесе көзді жасаурататын газбен қуа алатын болы. Венгрия парламенті бұған дейін көші-қон туралы заңды қатаңдандырып, рұқсатсыз кірген мигрантты қамауға рұқсат берген.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуроодақтың сыртқы істер министрлерінің кеңесінде босқындардың еуропалық елдер шекарасына үлкен қауіп төндіріретінін мәлімдеді. Оның ойынша Еуроодақ жабайы көші-қонға дереу тосқауыл қоюы тиіс.
Ағылып келіп жатқан босқындарды тоқтату үшін Венгрия билігі Сербиямен шекараға темір тікенді сымдар тартып тастаған. Дәл осындай қабырғаны Хорватиямен арадағы шекараға да орнатпақшы екен.