Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Бұл туралы Olympic.kz сайты.
75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездескен болатын.
Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Алайда, екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, үшінші кезеңде де қарсыласынан басым түсті.
Нәтижесінде, төрешілер қазақстандық боксшының жеңісін мойындап, Аманқұл келесі айналымға өтті.
Ширек финалда Әбілхан Аманқұл Бразилия елінің өкілі Эберт Консейсамен қолғап түйістіреді. Кездесу 1 тамызға жоспарланған.
Бұған дейін төрт қазақстандық боксшы қарсыластарынан жеңіліп, Токио олимпиадасын аяқтаған.
Оставить комментарий