"Найзағай, бұршақ, дауыл, ыстық". Алдағы демалыс күндері қандай ауа райы болатыны белгілі болды

/image/2021/07/30/crop-22_9_481x856_image_l.jpg

Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жариялады.

Тамыз айының басында елдің батыс аймағының жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Олар жауын-шашынсыз ауа райын әкеледі, ауа температурасы 33-38 градусқа, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Республиканың қалған аумағы атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінде болып, жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с шаңды дауыл болуы мүмкін.

Солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы күндіз +27-36 градусты көрсетсе, оңтүстікте 35-40 градустық ыстық сақталады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи