Қазақстанда күнбағыс майы бір жылда 60 пайызға қымбаттаған. Импорт үлесі 50 пайызды құраған. Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлады.
2021 жылдың қаңтар-маусым айында ел бойынша 93,3 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға көп. Ал тазартылған майдың өндірісі 37,4 пайызға, 76,9 мың тоннаға көп.
Тазартылған май өндіруден Шымкент қаласы көш бастап тұр. Екінші және үшінші орын ШҚО мен Алматыға тиесілі.
2021 жылдың маусым айында дүкен мен базарларда күнбағыс майы бағасының литрі 713 теңгеден сатылды. Ең қымбат баға Түркістан қаласында 773 теңге, ең арзан Ақтөбеде 621 теңге.
Ал жылдық баға динамикасы көрсеткіші бойынша, май бірден 60,4 пайызға өсіп отыр. Қарағанды 80 пайыз, Алматы 75,9 пайыз, Батыс Қазақстан 73,9 пайызға қымбаттаған.
Ал Атырау облысында күнбағыс майының бағасы арзандау болды. Бір жылда тек 38,1% қымбаттады.
Оставить комментарий