Қазақстандық қаржы саясатына қарсы митинг ұйымдастырылып жатыр (Видео)

/uploads/thumbnail/20170708194526044_small.png

Елімізде бейбіт жиналыстар мен митингілер, шерулер мен пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырудың өзідік тәртібі қалыптастқан. Тіпті бұл тәртіпті біз заңмен бекітіп қойғанбыз.  Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңының  2-бабына сәйкес Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш берiледi.  
      Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарыныңқоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бере алады. Осы заңға сүйеніп Орал қаласының тұрғындары  қалада митинг өткізуге арналған екінші өтінішін әкімдікке тапсырды. Ұйымдастырушылар  митингті Мәншүк Мәметова атындағы алаңда 26 қыркүйек күні өткізгісі келген.  Алайда, Орал қаласының Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Бақытжан Нарымбеттің айтуынша 26 қыркүйек күні әкімдік басқа шара өткізуді жоспарлап қойған екен. Митинг Ұлттық банктің қаржы-несиелік саясатына қарсылық білдіру мақсатында ұйымдастырылмақ. Екінші  мәрте жазылған өтініште митинг өткізу уақыты 2015 жылдың 3- қазаны деп көрсетілген. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Тотал.кз-ке» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Теңгенің құлдырап кетуі мен азық-түлік бағасының күрт көтерілуіне халық тарапынан қарсылық білдірілуі тиіс болған. Деседе, қарсылық білдірудің өзі оңай шаруа емес. Алдымен әкімдікке өтініш білдірілуі тиіс. Егер әкімдік сіздің өтінішіңізді мақұлдамаса, сіз заңға қайшы әрекет жасаған болып шығасыз. Осыдан кейін жеке азаматтардың құқығын заң қорғайды дегенге толықтай сенім артуға бола ма? Әрине әкімдікте отырғандар бір парақ құшақтап, қарсылық танытамын деп келгендерге рұқсат бермеуге тырысады. Мейлінше митинг өткізетін алаңдарға концерттік шара, немесе жастар жиынын өткізіп бағады. Онсыз да мақсатсыз ырду-дырдуға мас болған жастар мен тұрғындардың ашуын осылай тарқатуды олар әдетке айналдырғалы қашан? Сол себепті де бізде «Жұлдыз» деген атқа ие қаһармандар пайда бола бастаған. Теледидар пультінің тетігін баса қалсаңыз, әншілерден көз сүрінеді. Қит етсе, солардың өмірін аңдып, қазақтың өмірі өтіп бара жатыр. Өз өмірінің қиындығынан әбден жалыққан жұрт жұлдыздардың ертегі өміріне телміріп тәнті болуда. Бірақ жыпырлаған сансыз жұлдыздар ай секілді жарық шаша алмайды. Ал, аспандағы қара бұлтты түріп тастап, айдың жарығын түсіру үшін қазіргі тұрмысымызға қарсылық білдірілуі тиіс болатын. Бірақ сәл жарығырақ жұлдыз көріп қалып, соны ай екен деп шүкірлік таныта беретін халыққа дағдарыстың ызғары әлі сезіле қойған жоқ. Мамандар 2016 жыл есіктен ене бергенде дағдарыс туралы дабыр басталады деп отыр.

Анығында Ұлттық банктің соңғы әрекеті тым тосын болды. Бұл туралы  «Қамшы» порталы арнайы сараптама ұсынған болатын http://qamshy.kz/home/show/1469. Ал, оған қатысты қарсылықтар формальді түрде болса да өткізілуге тиіс болатын. Олай болмағанда экономикалық жүйенің жайсыздығына қыңқ етпейтін қазаққа миығынан күлушілер көбейіп кетер еді.

Айнұр Төлеу

Связанные Статьи