"Адвокатура үшін үлкен қайғы". Қазақстанның белгілі адвокаты қайтыс болды

/image/2021/08/04/crop-171_4_565x753_610a2ac914d33.jpg

Белгілі адвокат және қазақстандық адвокатураның негізін қалаушылардың бірі –Александр Розенцвайг 66 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Алматы қалалық адвокаттар алқасы растады.

"Новая газета" тілшісі Вячеслав Половинко Facebook-тегі парақшасында Розенцвайг коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын растады.

"Бүгін түнде Александр Владимирович Розенцвайг екі-үш күндей ыстығы көтеріліп, өкпенің қатты зақымдануынан көз жұмды. Бұл – марқұмның отбасы, достары және қазақстандық адвокатура үшін үлкен қайғы. Қош бол, Александр Владимирович" делінген журналист жазбасында.

Александр Розенцвайг Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетін бітірген. Ол 1987 жылдан бастап Алматы қалалық және республикалық адвокаттар алқаларының, сондай-ақ Қазақстанның адвокаттар одағы төралқасының мүшесі болған. Еңбек жолын Алматы ішкі істер басқармасының тергеушісі ретінде бастаған.

Розенцвайг "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан заңын әзірлеуге қатысқан. Ол белгілі заңгерлердің тұтас құрамын оқытып, құқықтық мәселелерді талқылауға үлес қосқан.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи