Кәсіпкерлер ел экономикасын долларсыздандыруға ұсыныс білдіруде

/uploads/thumbnail/20170708194537606_small.jpg

Еліміздегі кәсіпкерлер теңгенің құнсыздануынан шығынға батып жатыр. Бұл туралы «Қамшы» порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қызмет көрсету саласындағы компаниялардың шығыны шаш етектен. Сырттағы алыс-берісте шетел ақшасымен есеп айырысатын олар ел ішінде бұрынғы бағаны ұстап тұра алмаймыз деп шағымдануда.

 Негізінен жапа шегі жатқандарға  ірі сауда орындарында жерді жалға алатындар мен  қоғамдық тамақтандыру орындары, яғни кафе-мейрамханалар, сондай-ақ, дүкен иелерін жатқызуға болады. Себебі жерді жалға алғаны үшін олар доллардың қазіргі бағамымен төлейді. Оның үстіне шетелден түрлі техникаларды сол елдің валютасымен сатып алады.

Бірақ өз елімізде тек теңгемен жұмыс істеуге мәжбүр. Әрі бұрынғы бағаны ұстап тұру керек. Бұл, әлбетте, пайда емес, құр шығын әкеледі.

Сондықтан, кәсіпкерлер отандық экономиканы долларсыздандыру ісін қолға алып, оны заң жүзінде бекітуді сұрап отыр. Әйтпесе, көп ұзамай елімізде қызмет көрсету саласы мүлдем тоқырауы мүмкін дейді.

Связанные Статьи