Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708194544085_small.jpg

Қостанай облысындағы ауылшаруашылық мәселелері бойынша әкімнің орынбасары Жақыпов Базыл Шамұханұлы  Қостанай қаласына әкім болып барды. Бұл туралы «Қамшы» порталы BNews.kz- ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.  Кешегі өткен қалалық мәслихаттың сессиясында жаңа әкімді таныстырып өткен.

Жақыпов Базыл 1965 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 1991 жылы Целиноградтың ауылшаруашылық институтында ғалым-агроном мамандығын иеленді. 2006 жылы Алматының Экономика және статистика академиясында қаржыгер мамандығын бітірді.

2009 жылдың ақпанынан бастап Меңдіқара ауданында әкім болды.

Связанные Статьи