Павлодар облысында жол апатынан 25 жастағы дәрігер қайтыс болды

/image/2021/08/07/crop-158_10_621x828_6.jpg

Павлодар облысында 25 жастағы дәрігер жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы оқиға 6 тамыз күні сағат 23:45 шамасында Омбы-Майқапшағай автожолының 380-ші шақырымында болған. Черноярка ауылының маңында 32 жастағы "Nissan Patrol" автокөлігінің жүргізушісі "УАЗ" автокөлігімен соқтығысады. Салдарынан "УАЗ" автокөлігінің 25 жастағы жолаушы трассаға қарай ұшып кетіп, қарама-қарсы беттегі көліктің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болған. 

Сонымен қоса жол апатынан 51 жастағы "УАЗ" автокөлігінің жүргізушісі, 32 жастағы "Nissan Patrol" көлігінің жүргізушісі, 30 жастағы жолаушы мен 3 жасар бала зардап шеккен. Олардың барлығы ауыр жарақатпен, ауруханаға жеткізілген. 

Полицияның хабарлауынша,  қайтыс болған 25 жастағы дәрігер, науқас әйелді Ақсу қалалық ауруханаға жатқызып, ауылдық амбулаторияға қайтып келе жатып, жол апатына ұшыраған. Марқұмның  артында жүкті әйелі мен жас баласы қалды.

 

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи