“Ата-аналарға тыйым салынады”. Білім министрлігі мәлімдеме жасады

/image/2021/08/09/crop-0_20_767x1023_d3fa8c05-1bad-43ce-be12-ef6b58c03621.jpeg

Білім және ғылым министрлігі 1 қыркүйектен бастап мектепте оқушылар дәстүрлі форматта оқыса "Ashyq" жүйесі енгізілетінін хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, "Ashyq" қосымшасы тек мектеп қызметкерлері үшін жұмыс істейтін болады. Ал оқушылар термометрияны, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті.

Сондай-ақ балаларды асханада кесте бойынша тамақтандыру жоспарланып отыр. Сыныптарда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Жаңа оқу жылынан бастап ата-аналарға білім беру мекемесіне кіруге тыйым салынады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи