Аймағамбетов оқушылар мен студенттер қандай форматта оқитынын айтты

/image/2021/08/11/crop-140_17_609x812_9846dbdf-426a-4c12-ae16-2bc9472ad37f.jpeg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта ұйымдастыруды  жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

– Оқушыларды, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқытылады. Балабақшаларда 20-25 баладан аспайтын топтарға штаттық режимде жұмыс істеу ұсынылады, – деді министр. 

Сондай-ақ білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтеу, дезинфекция шаралары өткізіледі.

– 1-қыркүйекте болатын Білім күні салтанатты іс-шара  дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулық "Әліппе" табысталады. Ал, 2 мен 11 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағаттарына қатысады.

Жаңа оқу жылында мектеп формасы бойынша талаптар негізінен сақталады. Бірақ пандемия жағдайларына байланысты мектепке классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен келуге рұқсат етіледі, – деп айтты білім министрі. 

Сондай-ақ бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады. Студенттер, педагогтер мен басқа да қызметкерлер ғимаратқа "Ashyq" жүйесі арқылы кіргізіледі.

Оставить комментарий

Связанные Статьи