Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушы немесе оның ата-анасы коронавирус инфекциясымен ауырған жағдайда уақытша қашықтан жұмыс істейтінін мәлімдеді.
– Егер оқушының ата-анасы немесе өзі коронавируспен ауырса, не болмаса денсаулығы бойынша тәуекел топқа жатса, олар уақытша қашықтан білім алады, – деді министр.
Сондай-ақ барлық мектеп, колледж, университеттерде қызметкерлер мен білім алушыларды маска киюге міндеттеді.
Аймағамбетов білім беру мекелеріндегі педагогтардың 93,1 пайызы басқа қызметкерлердің 88,4 пайызы вакцина алғанын, жоғары оқу орындарында студенттерге вакцина алу үшін арнайы жеңілдіктер (оқу ақысын төмендету, ақысыз курстар) ұйымдастырылып жатқанын айтты.
Жаңа оқу жылында педогогтардың 12 мыңнан астамы жас мамандармен толыққанын, олардың басым бөлігі Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстарына екенін айтты.
Оставить комментарий