Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға 9 тамыз сағат 12:10-да Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолында болған. 43 жастағы "Skoda" автокөлігінің жүргізушісі арақашықты сақтамай бір бағытта жүріп келе жатқан "ZAZ Chance" көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан "ZAZ Chance" көлігіндегі 24, 27 және 29 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
Ал осы көліктің 23 жастағы жүргізушісі мен "Skoda" автокөлігінің 18 және 19 жастағы жолаушылары Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілген.
Қазіргі уақытта "Skoda" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оставить комментарий