Халқының саны миллионнан асатын Шымкенттің шамамен 883 мың (80,8%) тұрғыны бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген. Ал, сақтандырылмағандар саны – 210 мыңнан (18,2%) асады.
Барлық жүйенің қатысушылары, табыс мөлшеріне қарамастан, осы жүйеде көрсетілетін барлық медициналық көмекке, оның ішінде жоғары технологиялық зерттеулер, қымбат бағалы медициналық қызметтер және оталарға бірдей қол жеткізе алады,- дейді аталмыш қордың Шымкент қалалық филиал директоры Сәбит Құралбек.
Бүгін Шымкент қаласында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі аясында Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Құралбек Сабит Райымбекұлы баспасөз мәжілісінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа тиімді тұстарына тоқталды.
Айтып өтсек, 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан Елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп, өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі күнге өзекті болып табылатын мәселе – ол тұрғындардың осы жүйенің қатысушысы болуы. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты талабы – ол әр тұрғынның осы жүйенің қатысушысы болуы, яғни – осы жүйеде «сақтандырылған» мәртебесіне ие болып, қажет болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке қол жеткізуі.
– Бұл бағытта, тұрғындарды осы жүйеге барынша тарту жұмыстары жалғасуда.Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күнге сақтандырлғандар саны 882 807 құраса, сақтандырылмағандар саны – 210 377 тұрғынды құрайды. Сонымен қатар, медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін тұрғындардың денсаулығын сақтауға бөлінген қаражат мөлшері ұлғайды. Яғни, бұл жүйе енгізілген уақытқа дейін азаматтар тек қана тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде медициналық көмекті алатын. Ал бүгінде жүйенің қатысушылары қосымша қаражат жұмсамай, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қосымша медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие, – деді Құралбек Сабит "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры
Қалада халыққа медициналық көмек көрсетуге үміткер медициналық мекемелер саны ұлғайған. Осы жылы 120 медициналық мекемемен келісімшарт жасалып, оның 87-і жеке меншік иесіндегі ұйымдарды (72,5%) құрайды.
Медициналық мекеме санының артуы олардың арасында шынайы бәсекелестікті туғызады. Ал аталған жүйеде әр тұрғын емдеу мекемесін таңдауға құқылы. Бұл ретте медициналық мекемелер тұрғындарды өздерінің мекемесіне тарту үшін жағдай жасайды, бірінші кезекте медициналық көмек сапасын арттырады.
Брифингте белгілі болғандай тұрғындар арасында «Qoldau 24/7» атты мобильдік қосымшасы кеңінен тарауда. Бұл қосымша арқылы әр тұрғын сақтандыру бойынша толық ақпарат алуға, денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер мен ұсыныстар қалдыруға, медициналық мекеме немесе медицина қызметкерлері тарапынан болған кемшіліктер туралы арыз-шағым түсіруге болатыдығын, айтып өтті Сабит Райымбекұлы.
Оставить комментарий