«Қою қызыл» аймақтағы Шымкентте Ashyq жобасының қатысушылары үшін жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылды.
ҚР ММЖТ 29 шілдедегі №33 қаулысына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне 9 тамыздан бастап сағат 22.00 — ге дейін, ал «Ashyq жобасының «көшбасшысы»мәртебесі бар объектілерге сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Эпиджағдайды бағалау матрицасында «Қою-қызыл» аймақ ұғымының енгізілуімен көптеген объектілерге, соның ішінде Ashyq көшбасшыларына демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынды.
Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кәсіпкерлерге бұл тыйым 16 тамызға дейін сақталатынын түсіндірді. Алайда, 9 тамыздан бастап жұмыс күндері нысандардың жұмыс кестесі қайта қаралды.
– Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша Ashyq жобасының небәрі 7 446 қатысушысы, Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында Ashyq-тың 1 101 қатысушысының, сондай-ақ 21 «Ashyq көшбасшыларының» тізімі орналастырылған, келушілердің 0 chek-in үшін 51 QR-коды өшірілген. Республикалық қаулының талаптарын ескере отырып, 9 тамыздан бастап Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ashyq жобасының қатысушыларына 09 тамыздағы №27 қаулысымен жұмыс тәртібі екі сағатқа ұзартылды, яғни сағат 22:00 – ге дейін, ал көшбасшыларға сағат 00:00-ге дейін ұзартты. Келіссөздер мен хат алмасу, негіздемелер келтіру арқылы бұрын қаулымен тыйым салынған кәсіпкерлік нысандарының Ashyq жобасы арқылы жұмыс істеу мәселесі шешілді, – деді Нұрлан Қыбыштаев Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры
Оставить комментарий