Солтүстік Қазақстан облысында жүкті әйелдердің коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсті, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Пандемия басталғалы облыста 517 жүкті әйел коронавирус жұқтырған. Мамандардың айтуынша, жүкті әйелдер ауруды көтере алмайды. Кейде дәрігерлер жүктілікті үзуге мәжбүр болады.
Коронавирус салдарынан нәрестелер көп жағдайда уақытынан ерте дүниеге келеді. Сондықтан түрлі патологиямен туады. Кесарь тілігі жасалған 15 әйелдің 12-сі уақытынан ерте босанған.
Қазір оның төртеуі жансақтау бөлімінде. 700 грамм салмақпен дүниеге келген нәресте шетінеп кеткен.
Дәрігерлер жүкті әйелдерді дерттен сақтау үшін айналасындағылардың вакцина салдыруы маңызды екенін айтады.
Оставить комментарий