Денсаулық сақтау министрлігі 17 тамыз күнгі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 7034 адамнан коронавирус, 563 адамнан пневмония анықталған. 16 тамызда 116 адам коронавирустан, 19 науқас пневмониядан көз жұмған.
Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 708 379-ке жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 66 381.
18 тамыздағы мәлімет бойынша, 120 313 адам коронавирус инфекциясынан (–115 214 + және 5 099 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 123 пациент стационарда, 90 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1840 адамның жағдайы ауыр, 561 пациенттің жағдайы өте ауыр, 263 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.
17 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 183 445 адам, 2-компонентін 4 819 587 адам салдырған.
Оставить комментарий