"+41°С". Қазгидромет алдағы ауа-райы болжамын жариялады

/image/2021/08/18/crop-12_16_771x1029_zharko-pogoda-termometr.jpg

Қазгидромет 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мамандардың айтуынша, республикада жылы ауа райы және антициклонның әсерінен Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста, фронтальды бөлімдердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте – 23-30 градус жылы, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – 25-40 градус жылы, орталықта және шығыста – 17-35 градус жылы болады деп күтілуде" делінген хабарламада.

Ал Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады, ауа температурасы 32-41 градус жылы болады.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи