ЕАЭО елдері арасында Қазақстанда ғана азық-түлік қымбаттап жатыр

/image/2021/08/18/crop-9_8_707x1257_dbia9v-15.jpg

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында азық-түлік қымбаттап жатқан жалғыз ел болып отыр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия баспасөз қызметі мәлім етті.

ЕАЭО бойынша азық-түлік тауарлары мен қызметтерінің баға индексі 2021 жылғы шілдеде 2021 жылғы маусыммен салыстырғанда 100,3 пайызды көрсеткен.

Осы ретте азық-түлік тауарларының бағасы Қазақстаннан өзге ЕАЭО елдерінің барлығында төмендеген.

2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ЕАЭО бойынша жалпы өсім 4,7 пайызды құраған. Қымбатшылықтың төменгі деңгейі Армения (3,3%) мен Ресейде (4,5% ) тіркелген.

Қазақстанда шілде айында қымбатшылық 11 пайызы көрсеткен. Соңғы айда ет пен сұйық май және қант бағасы қымбаттаған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи