"Болашақ педагогтердің стипендиясы артты". Аймағамбетов мәлімдеме жасады

/image/2021/08/19/crop-51_7_656x874_11370280.jpg

"Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі" педагогтердің республикалық тамыз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы оқу жылына қатысты мәлімдеме жасады.

– Педагогикалық мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтерге стипендия мөлшері де артты. Алдыңғы жылдан бастап, биыл да ең жоғары стипендия педагог мамандықтарында оқып жатқан студенттердікі, яғни 42 мың теңге, – деп атап өтті ол.

Министр дәстүрлі форматта оқу педагог пен оқушы үшін нәтижелі жұмыс екенін атап өтті.

– Үлгерімі төмен оқушылардың білім деңгейін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар басты назарда болуға тиіс. Негізгі дәстүрлі формат сақталатын болады. Оқушы мен педагогтың бетпе-бет жұмыс істеуі нәтижелі формат екені айқын. Сондықтан осы жұмысты ұйымдастырамыз, – деді ол.

Сондай-ақ ол жаңа оқу жылында "Әліппе" мен "Ана тілі", "Букварь" және "Обучение грамоте" оқулықтары 1-сынып бағдарламасына қайта енгізілгенін айтты.

– 1 қыркүйекте өтетін салтанатты іс-шарада мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған балапандарымызға "Әліппе" кітабы салтанатты түрде берілетін болады. Оқулық ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды. Біздің әдіскерлеріміз, ғалымдарымыз үлкен жұмыс істеді, – деді Аймағамбетов.

Оставить комментарий

Связанные Статьи