Үндістан әлемде алғаш болып коронавирусқа қарсы ДНҚ вакцинасын мақұлдады

/image/2021/08/21/crop-6_3_626x960__119322650_mediaitem119322649.jpeg

Үндістанның дәрі реттеушілері Ковид-19-ға қарсы төтенше жағдайда қолдануға арналған алғашқы ДНҚ вакцинаны мақұлдады.

"Cadila Healthcare" вакцина жасаушы компаниясының зерттеулеріне сәйкес, "ZyCoV-D" вакцинасы вакцинацияланғандардың 66%-ында симптоматикалық аурудың алдын алған. 

Фирма жыл сайын вакцинасының 120 миллион дозасын дайындауды жоспарлап отыр.

Бұрынғы ДНҚ вакциналары жануарларда жақсы нәтиже көрсеткен.

Үндістанда халықтың шамамен 13%-ы толық егілді, ал 47%-ы қаңтар айынан бастап кем дегенде бір рет вакцина салдырған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи