"Ресей, Иран және Қытай 2021 жылдың аяғында немесе 2022 жылдың басында Парсы шығанағында бірлескен теңіз жаттығуларын өткізеді" деп хабарлады Ресейдің Тегерандағы елшісі Леван Джагарян.
"Үш елдің теңіз кемелері қатысатын жаттығулар кеме қауіпсіздігі мен қарақшылықпен күресуге бағытталады" деп мәлімдеді елші.
Джагарянның айтуынша, БҰҰ-ның Иранға жасаған қару-жарақ эмбаргосы жойылғаннан кейін Мәскеу мен Тегеран әскери өнімдердің барлық ассортименті бойынша конструктивті диалог жүргізуді жоспарлап отыр.
"Біздің Иранмен қорғаныс саласындағы ынтымақтастығымыздың 50 жылдан астам тарихы бар. Ынтымақтастығымыз Ресейдің қару-жарақ саудасы саласындағы халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтай отырып, өзара тиімді негізде дамып келеді. Шектеулердің жойылғанын ескере отырып, ресейлік тарап әскери өнімнің барлық ассортименті бойынша ирандық серіктестермен конструктивті диалог жүргізеді" деді Джагарян.
Оставить комментарий