Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайды болжады. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
– Соңғы екі апта бойы республикада коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері біртіндеп төмендеп келеді. Он төрт күннен бері індеттің 10%-ға төмендегенін көріп отырмыз, – деді ол.
Министр күз мезгілінде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша болжам жасады.
– Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6300-ге дейін, қазан айында 2400-ге дейін болады.
Шынайы сценарий бойынша қыркүйек айында 5300 жағдайға дейін, қазан айында 1800 жағдайға дейін.
Оптимистік сценарий бойынша қыркүйекте 4200 жағдайға дейін, қазанда тәулігіне 1300 жағдайға дейін, – деп айтты Алексей Цой.
Оставить комментарий