Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 9-ға жетті

/image/2021/08/27/crop-64_6_305x407_25.jpeg

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандардың саны 9-ға жетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрілігі. 

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер анықталып жатыр" делінген жедел штаб мәлімдемесінде 

Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД-ның 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.

Кеше Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінен өрт шығып, оның соңы жарылысқа ұласқан. Апат болған жерге жақын Қайнар, Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуацияланған. Темір жол байланысы уақытша тоқтап, Тараз қаласына кіру, шығу шектелген.

Осыдан 2 жыл бұрын Арыс қаласында әскери қоймада ірі жарылыс болып, 5 адам қаза тапқан. Ол кезде 50 мыңнан астам адам тұратын қала толық эвакуацияланған.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи